Волонтерлардың көмегі дәл осы кезде ауадай қажет. Өйткені, карантин кезеңінде әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары көмек зәру.
–Елімізде карантин мен төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бастап «Я алмаатинец» бірлестігінің белсенділері «Кто если не я?» атты акцияны қолға алды. Бұл шара осындай қиын кезеңде жалғызбасты қарт адамдарды қолдауға бағытталған. Бізде бұл акциядан қалыс қалмадық. Азық-түлік жинаумен және тасымалдаумен айналысамыз. Қарияларымыз үйден шықпаса екен дейміз,– дейді «Lider.kz» волонтерлық қозғалысының үйлестірушісі Олеся Баимова.
Волонтерлар жалғыз басты қарт адамдар үшін шұғыл байланыс нөмірлерінің тізімін дайындады.Көмек қажет болған жағдайда, кез-келген уақытта хабарласуға болады. Нұр-сұлтан, Алматы, Көкшетау, Щучинск және Степногорск қалаларының белсенділері мұқтаж жандарға көмек көрсетуде.
–Ақмола облысында бірнеше ірі қалалар кіретін штаб құрылды. Оған Көкшетау, Щучинск, Атбасарқалалары мен Зеренді ауданы кіреді. Сондай-ақ, «Лидер.кз», «Доброе сердце Кокшетау», «Жизненный путь», «Феникс» волонтерлық қозғалыстары да бар. Қазіргі уақытта Щучинск қаласында 50-ге жуық қарт адамға көмек көрсеттік. Көкшетау қаласында да жұмыстар ұйымдастырдық және аудандарға бардық,–дейді «Lider.kz» волонтерлық қозғалысының үйлестірушісі Олеся Баимова.
Белсенділер қазақстандықтарды ынтымақтастық пен шыдамдылық танытуға, өз денсаулығымен қатар, айналасындағылар үшін де жауапкершілікті сезінуге және көмектесуге шақырады.