Айтулы портал Арсен Венгер мен Алекс Фергюсонарасындағы кикілжіңді бірінші орынға қойған екен. Бірі – «Арсеналды», екіншісі – «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырған жылдары екеуі жиі дауласатын. Балағаттап қана қоймай, баспасөз беттері арқылы да бір-бірлерін қаралауға тырысатын. Бұл оқиғалардан барша жанкүйер хабардар. Сол себепті де жауыр болған әңгімеге қайта оралудың қажеті жоқ деп ойлаймыз.
Екінші орында Зинедин Зидан мен Марко Матерацци арасындағы жанжал. 2006 жылы өткен әлемдік доп додасының финалдық сайысында француз ойыншысының әпкесін балағаттағаны үшін Зидан италиялық қорғаушыны баспен төсінен ұрып құлатқаны белгілі.
Сондай-ақ, сол тізімге Макси Лопес пен Мауро Икарди, Рой Кин мен Мик Маккарти, Николя Анелька мен Раймон Доменек, Лотар Маттеус пен Штефан Эффенберг, Рой Кин мен Патрик Виейра, «Ньюкаслдың» президенті Майк Эшли мен сол клубтың ойыншылар, Кәрім Бензема мен Дидье Дешам және тағы басқа азаматттар арасындағы жанжалдар еніп отыр.