Облыстық көпбейінді аурухананың аумағына кіреберіске арнайы дезинфекциялық арка орналастырылды.
–Облыстық ауруханаға келетін барлық көліктер зарарсыздандырылады. Бұл коронавирус инфекциясымен күрес шараларының бір түрі,–дейді облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров.
Қала әкімі Амангелді Смайылов арнайы құрылғының жұмыс істеу процесімен танысып, медицина мамандарына бірқатар тапсырма берді.
Емдеу мекемесінің аумағына кірген әр автокөлік шашырату арқылы дезинфекцияланады. Қала басшысының айтуынша, мұндай санитарлық аркалар әлеуметтік маңызды мекемелерге, атап айтсақ, полиция департаменті мен қалалық аурухана ғимараттарына да қойылған.