Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Ақмолада көктемгі дала жұмыстарында іркіліс болмайды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың 206 ауыл шаруашылығы құрылымы көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай өткізуге қажетті несие алып үлгерді.

Ақмолада көктемгі дала жұмыстарында іркіліс болмайды

Төтенше жағдай кезінде ырғалып-жырғалуды көтермейтін көктемгі егіс науқанын уақытылы әрі сапалы өткізуді облыс әкімдігі ерекше назарда ұстап отыр. Осы мақсатта облыстағы блок посттардан фермерлер мен шаруа қожалықтарының өкілдері кедергісіз өтетін жағдай тудырылып отыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 18,7 миллиард  теңге көлеміндегі мемлекеттік қолдауға ие болды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаевтың хабарлауына қарағанда, «Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамының несиелеу бағдарламасы операторына күні бүгінге дейін 220 өтінім түсіп, оның 206-сы қанағаттандырылған.

Ақмола облысының диқандары үстіміздегі жылы 4,9 миллион гектар алқапқа дәнді-дақылдар тұқымын сіңірмек.