Облыс әкімі Ермек Маржықпаев зертхананың дайындығымен танысты. Медицина қызметкерлерінің айтуына қарағанда, бұл қателік жіберетін жедел тест тәрізді емес, бұл зертхана нақты нәтиже береді.
Қазірдің өзінде зертханада бір мыңнан астам тест бар. Дүйсенбі күні тағы да қосымша 6,5 мың данасы жеткізіледі. Зертханада бес адам жұмыс істейтін болады. Жаңа зертхана көп салалы балалар ауруханасында орналасқан. Жүз миллион теңге шамасында инвестиция құйылған.
«Мырза-хан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы филиалдарының директоры Әсет Бекбосыновтың айтуына қарағанда, облыстың кез-келген тұрғыны осы зертханада тексеріле алады.
Көкшетау қаласы.