Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Алматының әкімі 20 сәуірде жұмысын бастайтын нысандарды тексерді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 20 сәуірден бастап жұмысын бастағалы отырған бірқатар өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарын аралады.

Алматының әкімі 20 сәуірде жұмысын бастайтын нысандарды тексерді

Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев салынып жатқан «Terra» СК, Наурызбай ауданындағы заңды тұлғаларға арналған ХҚКО, «Hyundai Trans Kazakhstan», АЗТМ және «Алматыэнергосервис» зауыттарын аралап көрді.

Жұмысты қайта бастаудың  ең басты шарты – қызметкерлердің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құрылыс алаңдары мен кәсіпорындарда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Кіреберістерде зарарсыздандыру станциялары жабдықталады, сондай-ақ, жұмысшылардың дене қызуы тексерілетін болады. Қолжетімді жерлерде санитайзерлер орналастырылып, жұмыс орындарында және асханаларда қауіпсіз қашықтық қамтамасыз етіледі.

1

«Қызметкерлердің қауіпсіздігі үнемі қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл орындалуы тиіс жұмыстарды тексеретін құрамында санэпидемиологтар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері бар комиссияның басты талабы. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады. Ал компания қызметін ТЖ режимі аяқталғанға дейін тоқтатамыз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

2

Сапар барысында қала әкімі тез құрастырылатын модульдік блоктардан тұратын госпиталь құрылысының барысымен танысты. 280 орынға арналған госпиталь байланыста болғандар мен СОVID-19 инфекциясына күдігі бар адамдарға арналған. Нысан 90% -ға дайын. Қазіргі уақытта персонал іріктеліп, жабдықтар жинақталуда. Бақытжан Сағынтаев дәрігерлер жұмысы мен науқастарды емдеу үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

78

85