Қазақстан • 18 Сәуір, 2020

Ақмолалықтар үйден шықпай-ақ кітап оқиды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин  уақытын пайдалы өткізуге ақмолалық жастар үн қосуда. Жақында жастар ресурстық орталығы  #ЧИТАЕМВМЕСТЕДОМА хэштегімен бастама  ұсынды.

Ақмолалықтар үйден шықпай-ақ кітап оқиды

Алғашқы оқылатын кітаптар тізімінде «Менің атым Қожа», «Маленький принц», «Қорғансыздың күні» атты шығармалар бар. Виртуалды оқуды ұйымдастырушылар қазір қазақ және шетел әдебиеті классиктерінің  кітаптарын іріктеумен айналысуда. Бұл істе әлеуметтік желідегі оқырмандар тарапынан да қызығушылық жоғары.

–Біз өзіміздің парақшаларымызда осы челленджді  бастадық.  Оқырмандардың қолдап жатқаны қуантады. Мақсатымыз – оқу мәдениетін дамыту, соны шығармаларды көпшілікке насихаттау, сондай-ақ, карантин кезінде уақытты тиімді өткізу. Біз әлеуметтік желіде оқырмандар  ұсынған «Үздік 100 кітапты» іске қосамыз, дейді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Анаргүл Белгібаева.

Аталмыш челленджге сәуір айының соңына дейін қосылуға мүмкіндік бар.