Әлем • 18 Сәуір, 2020

2030 жылы адамзатқа қандай қауіп төнеді?

2778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер бетінде климаттың антропогендік өзгерістері онжылдықтар бойына жалғасын табумен келеді. Оның салдарынан экожүйелер зақымдануда.  Ғалымдар дәл осы жағдайдың салдарынан биоалуандылық жойылуы мүмкін деп дабыл қағып келеді.

2030 жылы адамзатқа қандай қауіп төнеді?

Ал бұл үдерістің кез келген уақытта күшею ықтималдығы басым. Зерттеушілер XXI соңын апатты жылдармен байланыстырады. Сондықтан да дәл қазіргі кезеңде қоғам болып алдын алу шараларын іске асыру қажет. Ол үшін қоршаған ортаға келген залалды бағалап,  биоалуантүрлілікті зерттейтін маңызды аймақтарды анықтау қажет.

Егер де адамзат 2030 жылға қарай көмірқышқыл газын шектемесе, онда тропикалық аймақтардағы биоалуантүрлі кеңістік зардап шегетін болады. Ал 2050 жылға қарай оның залалы тіптен арта түсетін болады. Ғалымдар 22  климаттық сипаттағы 30000-нан астам тірі ағзаларды үш бағыт бойынша зерттеген.

Кейптаун университетінде Кристофер Трисос жетекшілік ететін ғалымдар тобы биоалуантүрлілікті зерттеудің жүйесін жасаған. Ғалымдар құстарды, сүт қоректілердің теңіз балықтары, омыртқасыздар мен теңіз өсімдіктерін қосқанда 3 мыңнан астам биологиялық түрлерді зерттеген. Нәтижесінде зерттеушілер экологиялық кеңістік климат өзгерген жаппай өзгеріске ұшырайды деген тоқтамға келді. Ал оның салдарынан экожүйелер тұрақсыздығы белең алып, қалпына келтіруге мүмкін болмайтын жағдайлар орын алуы мүмкін.