Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Маңғыстау облысының жедел жәрдем қызметі жаңа 3 автокөлікпен толықты

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жедел жәрдем қызметіне берілген заманауи көліктер ГАЗ автомобильдері базасында құрастырылған және В категориясына сәйкес келеді. Жаңа технологиялық құрал жабдықпен қамтамасыз етілген бұл атвомобильдерге сұраныс жоғары. Евро-5 экологиялық стандартына сай, барлық қауіпсіздік жүйелерімен қамтылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысының жедел жәрдем қызметі жаңа 3 автокөлікпен толықты

Маңғыстау облысы жедел және шұғыл жәрдем станциясына табысталған Соболь, Next и Бизнес 4х4 толық жетекті Газель автомобильдері «СемАЗ» ЖШС базасында жиналған. «Вираж» компаниялар тобы құрамына кіреді және жедел медициналық көмек автомобильдеріне қойылатын заманауи талаптарға сай келеді. Темір тұлпарлар әзірге Ақтау қаласындағы шақыртуларға барады, себебі «103» қызметіне түсетін негізгі шақырулар облыс орталығында көп болып тұр.

Бүгін «NCOC» компаниясының өкілдері Ақтаудағы «Вираж» автосалонында 3 автокөліктің кілтін ақ халатты абзал жандарға табыс етті. Бұл мәселенің оң шешілуіне Маңғыстау облысы әкімдігі ықпал еткен. Алдағы уақытта тағы да жаңа көліктер беріледі деп күтілуде. Ол үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізіледі және жергілікті бюджеттен қосымша қаражат қарастырылмақ. 

Айта кету керек, облыс әкімдігі тарапынан денсаулық сақтау саласына қомақты қаражат бөлінуде. Материалдық-техникалық базаны жаңартудан бөлек, коронавируспен күрес жүргізіп жатқан ақ халаттыларға 13 тепловизор және 1000-ға тарта қорғаныш костюмдері мен арнайы халаттар басқа демеушілердің есебінен сатып алынды.