«Аталған ауыл маңындағы блок-бекетте облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Ауди-100» маркалы автокөлігін тоқтатып, оны тексеру барысында жүргізуші күртесінің ішкі қалтасынан есірткі затын тапты», делінген департамент хабарламасында.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екендігі белгілі болған. Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындағанын, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы, 2-бөлігі бойінша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Жамбыл облысы