Қалада тағы да 8 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 6-уы Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының, біреуі Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қызметкері және біреуі провизорлық стационарда карантинде емделіп жатқан, бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған пациент.
Жалпы инфекциялық стационарларда Алматы облысының 1 әйел адамын қоса есептегенде, коронавирустық инфекциядан 427 адам емделіп жатыр.
Науқастардың жай-күйі: 3 пациенттің жағдайы – өте ауыр, 6-уында – ауыр, 121 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайда.
Алматыда коронавирустық инфекциядан жазылып шыққан 84 пациент бар.
Провизорлық госпитальдарда 278 адам, карантиндік оқшаулауда – 431, үй карантинінде 9687 адам бар.