Енді Президент В.Путин Ресейде жұмыс істеп жатқан еңбек мигранттары визаларының мерзімі өтіп кетуіне байланысты 15 наурыздан бастап 15 маусымға дейін елде болу шараларын жедел ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.
Аталған құжат негізінде жұмыс берушілердің мерзімі өтіп кеткен патенті бар еңбек мигранттарын жалдауы заңсыз болып табылмайды. Әрі құқық қорғау органдары мигранттарға әкімшілік айыппұл салмай, депортациялау, визаның күшін жою шараларын қолданбауы тиіс.
Өткен жылғы статистика бойынша Мәскеуде шетел азаматтарына 463,7 мың еңбек патенті берілсе, оның жартысына жуығы Өзбекстан, ал қырық пайызға жуығы Тәжікстан азаматтарына тиесілі болған. Бұл кезде қала бюджетінің кірісі 18,3 млрд рубльді құраған. Ал Еуразия экономикалық одағынына мүше Қазақстан және Қырғызстан азаматтарынан тиісті органдар еңбек патентін талап етпейді.