Екі мыңнан аса тұрғыны бар ауылда 25 адамнан коронавирустық инфекция анықталған. Олармен жақын қарым- қатынаста болған 119, жанама қарым қатынаста болған 12 тұрғынның барлығы оқшауландырылды.
Қарым-қатынаста болғандардың 123-і үй бақылауына шығарылса, 8-і стационарлық бақылауда. Тест сынамалары тексеріліп жатыр.
Қазір елді мекенде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ауылға кіреберісте тосқауыл бекеті қойылып, кіріп-шығуға тыйым салынған.
Тұрғындардың тек азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе медициналық көмек алу үшін үйден шығуына рұқсат етіледі.
Облыс әкімі жағдай тұрақталмайынша, қатаң тәртіп сақтау қажеттігін ескертті. Көпшілік шараларды өткізуге тыйым салды. Аудан және ауыл әкіміне карантин талаптарының орындалуын басты назарда ұстап, елді мекендерді дер кезінде залалсыздандыру, індеттің таралуына жол бермеу қатаң тапсырылды.