Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Павлодар облысы: Індет жұқтырғандар саны тағы 4 адамға көбейді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 вирусын Павлодар қаласының 2 тұрғынының жұқтырғаны анықталды, олардың бірі 1970 жылы туған әйел адам және кәмелет жасына толмаған 2009 жылғы қыз бала. Ал қалған екеуі Екібастұз қаласының тұрғындары, олар 1972 жылғы әйел және кәмелет жасына толмаған 2010 жылғы ұл бала.

Павлодар облысы: Індет жұқтырғандар саны тағы 4 адамға көбейді

3 науқас өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған.

1972 жылғы әйел адам пневмония диагнозымен провизорлық бөлімшеге жатқызылған, COVID-19-дың ағзада бар-жоғын анықтауға алынған талдау 20.04.2020 ж. вирустың жұқтырылғанын көрсетті.

Барлығының қарым-қатынас жасаған ортасы анықталып жатыр, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

20.04.2020 ж. жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 30 адам тіркелді.