Ақтау қаласында дезинфекцияны Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері жүргізуде.
«Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы қалалық қызметтерге жан-жақты көмек көрсетуде. Қоғамдық және тұрғын үй нысандарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, - дейді әр текті кемелер жеке дивизионының командирі, 3-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы. – Өз күшімізбен біз өз объектілерімізде, соның ішінде су қорғау әмбебап жүйесін пайдаланатын әскери-теңіз күштерінің кемелерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргіземіз».
Жергілікті тұрғындар әскери қызметшілердің міндеттеріне түсіністікпен қарап, олардың жұмыстарына риза. Олар әскери теңізшілерімізге осындай қиын қыстау уақытта шағын ауданда дезинфекция жұмыстарын жүргізгені үшін алғыс білдіруде.
Қалалық және тұрғын нысандарынан басқа арнайы өңдеу жұмыстары Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің аумақтарында да жүргізіледі. Жеке құрамның қауіпсіздік шаралары бақылау-өткізу пунктінде басталады. Яғни қызметке келген әрбір адам медициналық тексеруден өтеді. Сонымен қатар медициналық маскаларды кию мен антисептикалық заттарды пайдалану міндетті.
Санитарлық-гигиеналық шаралар Каспий теңізінің қазақстандық секторында қызмет атқаратын әскери кемелерде күшейтілген. Барлығы мұқият дезинфекцияланып, іргелес аумақтар өңделеді.