AFSA қабылдаған шұғыл қадамдардың бірі Қазақстандағы төтенше жағдай аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күнде міндетті есеп беру түрлерінің мерзімін ұзарту болып табылады. Осыған орай толық мәліметтермен реттеуіштің ресми сайтында танысуға болады.
Реттеуші қалыпты режимде жұмыс істейтініжәне қаржы нарығын қадағалау бойынша өзінің операциялық қызметін жалғастыруда. AFSA қызметкерлері қашықтан жұмыс режимінде істей отырып, АХҚО қатысушылары және қаржы қызметтерін тұтынушылармен кездесулер мен сұраныстарды уақтылы және тиімді өңдеу қызметін ұсынады. АХҚО-ның барлық қаржылық қызметтері мен платформалары нарыққа қатысушылар үшін ашық және қолжетімді. Бұл халықаралық AIX биржасына да қатысты.
AFSA сондай-ақ қаржы нарықтарын, трансшекаралық операцияларды тиімді қадағалауды және COVID-19 ықпалына қарсы шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін ұлттық, сондай-ақ шетелдік реттеушімен және халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс жасайды. AFSA COVID-19 пандемиясына байланысты ықтимал нормативтік әрекеттерді және IOSCO, IAIS, FinCoNet және т.б. алаңдарында тұтынушыларды қорғау шараларын талқылауға белсенді қатысады.