Руханият • 20 Сәуір, 2020

Арудың шартын бұзған жігіт (этнографиялық этюд)

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сонау бұрынғы өткен дәуірде селеуі тербелген, сайын даланың бір жігіті жат елдің аруына өлердей ғашық болыпты. Қыз айтыпты:  «Мен саған әйел болайын, бірақ 100 түрлі шартым бар, соны орында». Жігіт қуана  келіседі. Алғашқы шартым – дейді қыз жігітке: биік  жартасқа шығып секір. Жігіт оны орындап, аяғын сындырады.

Арудың шартын бұзған жігіт (этнографиялық этюд)

Екінші шартым: аяғыңды ақсамай бас – дейді,  қыз. Оны да  орындайды. Сол сияқты, киімге  су тигізбей өзеннен өту, шапқан атты тоқтату, асауды ноқта-жүгенсіз үйрету, кеудесіне алма қойып қылышпен  шаптыру, тағы басқа 99 шартын мүлтіксіз орындайды.

Соңғы жалғыз шартым – депті қыз: «Енді өз ана тіліңді ұмыт». Сол сәтте  жігіт көзінен ұшқын шашып, белдеудегі  тұлпарына қарғып мінеді де, «хош» деп сағым ойнаған сар далаға сіңіп кетіпті.