Спорт • 20 Сәуір, 2020

Әлемнің ең жүйрік футболшысы кім?

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Le Figaro басылымы әлемдегі ең жүйірік футболшылардың тізімін жария етті.

Әлемнің ең жүйрік футболшысы кім?

Үздіктер көшін Килиан Мбаппе бастап тұр. 21 жастағы Франция құрамасы мен ПСЖ клубы жұлдызы биылғы маусымда сағаты 36 шақырымдық жылдамдықпен жүйткіген екен. Екінші және үшінші орындарда – Инаки Уильямс пен Пьер-Эмерик Обамеянг. «Атлетиктің» шабуылшысы 35,7 шақырымдық және «Арсеналдың» капитаны 35,5 шақырымыдық межені бағындырды.   

Сондай-ақ, ең жүйірік футболшылар тізіміне мына ойыншылар еніп отыр: Кәрәм Беллараби («Байер») – 35,27; Кайл Уокер («Манчестер Сити») – 35,21; Лерой Сане («Манчестер Сити») – 35,04; Мұхамед Салах («Ливерпуль») – 35,0; Кингсли Коман («Бавария») – 35,0; Альваро Одриосола («Бавария») – 34,99 және Начо Фернандес («Реал») – 34,62.