Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Түркістан: Індеттен емделіп шыққандар саны 13-ке жетті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында COVID-19  инфекциясынан жазылғандар қатары тағы екі адаммен толықты.

Түркістан: Індеттен емделіп шыққандар саны 13-ке жетті

Жетісай ауданының 1984 жылы туған тұрғыны мен Сарыағаш ауданы, Еңкелес ауылдық округінің 22 жастағы тұрғыны коронавирус індетінен айықты. Жалпы 20 сәуірдегі соңғы ақпараттарға сәйкес, Түркістан облысы бойынша дерттен айыққан азаматтар саны 13-ке жетті.