Bloomberg деректері бойынша, әдетте металл тұрақты рейстерде тасымалданады.
- Алайда пандемия басталған кезеңде шикізатты әлемдегі мұнай өңдеу зауыттарына жеткізудің балама жолдарын іздеуге тура келді дейді алтын өндіретін Newmont Mining компаниясының бас директоры Том Палмер. Оның айтуынша, компания шикізатты жіберуі үшін басқа өндірушілермен бірлесіп әуе кемелерімен чартерлік тасымалға мәжбүр болып отыр.
Коронавирустың әсерінен АҚШ пен Еуропадағы қайта өңдеу зауыттары карантин режиміне көшкендіктен жағдай қиындай бастаған. Швейцариядағы мұнай өңдеу зауыттарымен серіктес бола отырып Newmont Mining компаниясына меншігінде қайта өңдеу қондырғылары бар Пертадағы Монеталық сарайынан көмек сұрауға тура келген. Аустралиялық тарап металлды қабылдауға келісімін бергенмен, шикізат зауытқа Newmont Mining компаниясының Перу, Суринама және Ганада өндірген кен орындарынан жеткізілетін болады.
Ал инвесторлар дәстүрлі түрде қауіпсіз актив деп табатын алтын бағасы коронавирустан туындаған экономикалық дағдарыс жағдайында өсіп барады. Күні кеше Чикаго сауда биржасында қымбат металлдың 1 унциясының құны 1775 құрап, 2012 жылғы көрсеткішке дейін шарықтаған.