Мұндай нәтиже соңғы 45 күнде алғаш рет болып отыр. Осыған орай Гонконгтің денсаулық сақтау министрлігі бүгін COVID-19 бойынша күн сайынғы баспасөз брифингісін өткізбеді. Алайда мемлекетте коронавирус жұқтыру қаупін азайту үшін әлеуметтік қашықтық шаралар сақталуда.
Гонконг аурухана басқармасының мәліметінше, COVID-19 диагнозы қойылған төрт науқас қайтыс болған. Ауру жұқтырған және сондай күдік тудырған 630 науқас ауруханадан емделіп шыққан.