Симфониялық оркестр әртістері мен әртүрлі елдердің орындаушылары скрипка, виолончель, фортепиано, гобой, флейта, фагот, валторна, контрабас және басқа да музыкалық аспаптарда атақты әуенді ойнады.
«Музыкалық арнау жазбасына біздің, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Үндістан, Нидерланды, Украина, Қытай, Франция, Италиядағы музыкант-достарымыз қатысты», деп атап өтті елордалық филармонияның музыканттары. Акцияны виолончельші Готье Герман және оның отбасы (Франция), флейташы Ли Зи-Енг (Оңтүстік Корея), скрипкашы Джианг Ти (Қытай), кларнетші Бахтияр Дооранов (Қырғызстан), валторнашы Ханс ван дер Зинден (Нидерланды), контрабаста ойнаушы Джиакомо Банелла (Италия), скрипкашы және виолончельші Рису Висак, қазақстандық отандасымыз Кенжегүл Акшекина (Үндістан), фаготист Алексей Емельянов (Украина), фаготист Алексей Емельянов (Украина) және тағы басқалар қуана қолдады.
Осылайша, музыканттар науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, күні-түні ауыр ауыртпалықты көтеріп, COVID 19-бен күресте алдыңғы қатарда тұрған барлық азаматтарға үлкен алғыстарын білдіріп, «Біз біргеміз!» бірегей науқанының қатысушылары: «Сіздің еңбегіңіз баға жетпес», деп үн қосты.
Бейнежазба әртістердің дәрігерлер құрметіне әр тілде жазылған шынайы сөздерінің арқасында ерекше әсерлі болғандықтан, пандемиямен жалпы күрес түрлі ұлт адамдарын біріктірді. Осы бір қиын кезеңде тек бір-біріне деген сүйіспеншілік пен көмек беру арқылы ғана жеңіске жетуге болады – бұл әлем музыканттарының басты сәлемі.