Қазақстан • 21 Сәуір, 2020

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы әлемнің 8 университетінен шақырту алды

754 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Аяжан Әлихан әлемдік 8 университеттен шақырту алды. Қазақстанның үздік оқушысына бірден ұсыныс жолдаған әлемнің 100 әлемдік үздік университеттерінің қатарында Northwestern University (Doha, Qatar), Yonsei University (Seoul, SK), Yale-NUS College (Singapore), Koc University (Istanbul, TR), Fordham University (NY), Pace University (NY), Northwestern University (Chicago, IL), University of Miami (Miami, FL) бар. Тізімдегі  жоғары оқу орнындарының төртеуі толық грант, қалғаны жартылай грант ұсынып отыр.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы әлемнің 8 университетінен шақырту алды

Аяжан Әлихан мектепте жобалық жұмыспен айналысады. Медицина мен экологиядан өткен республикалық конкурстардың, Санкт-Петербор пен Парижде өткен халықаралық конференциялардың жүлдегері. «Youth for Understanding» америкалық коммерциялық емес ұйымында тағылымдамадан өткен. «Еnvision Scholars» танымал жазғы алмасу бағдарламасының қатысушысы. Академиялық жетістіктері үшін мектеп атынан 2018 жылы Колумбия университетінің жазғы бағдарламасына да ұсынылған.

Аяжан Әлихан мектептің және Алматы қаласының қоғамдық өміріне де белсене араласады. БҰҰ моделі клубының (MUN club) негізін қалаушылардың бірі. «Еріктілер лигасы» мен «Recycle Birge» әлеуметтік қоғамдық қозғалысында волонтерлік тәжірибесі бар. Сондай-ақ, «International Global Network» жастарды дамыту ұйымының белсенді мүшесі ретінде Малайзияның астанасы Куала-Лумпур мен Германияның Нюрнберг қаласында өткен халықаралық конференцияларға қатысуға мүмкіндік алған.

 

АЛМАТЫ