Қазақстан • 21 Сәуір, 2020

Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі әлемнің 25 үздік талапкерінің қатарына кірді

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Айнұр Алкеева «biomedical engineering» мамандығы бойынша Norwich University-дің (АҚШ) білім грантына ие болды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі әлемнің 25 үздік талапкерінің қатарына кірді

Түлек жыл сайын әлемнің үздік 25 талапкерін ғана қабылдайтын «Honors Program» беделді университеттік бағдарламасына тапсырған.  Сондай-ақ, Айнұр Алкеева Purdue University, The University of Arizona, University of Houston, Fisher College және Whitworth University сияқты Американың 5 жоғары оқу орнынан шақырту алып отыр.

Айнұр Алкеева қазақстандық студенттер арасындағы пікір-сайыс турнирлерінің бірнеше дүркін финалисі, «Technovation» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы, сондай-ақ, «Hackathon» байқауы мен ЮНЕСКО клубы конференцияларының қатысушысы. Қазақстан БҰҰ-да волонтерлік қызметпен айналысады. Түлек, сондай-ақ, мектептің өзін-өзі басқару жүйесінің мүшесі, «NIS Paper» мектеп газетінің авторы және «Exponenta Magazine» журналының негізін қалаушылардың бірі.

 

АЛМАТЫ