Спорт • 21 Сәуір, 2020

Техникасы ең керемет футболшы кім?

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

GiveMeSport порталы футбол тарихындағы техникасы ең керемет ойыншылардың тізімін жариялады. Үздіктер көшін – Диего Марадона көш бастап тұр.

Техникасы ең керемет футболшы кім?

Биыл күзде 60 жасқа толғалы отырған айтулы азаматтың өте керемет футболшы болғаны еш дау туғызбайды. 1986 жылы Мексикада өткен футбол тойында жұлдызы жарқырай жанған Марадона Аргентинаның әлем чемпионы атануына сүбелі үлес қосты. Сол жарыстың ең үздік ойыншысы атағы дәп сол жігітке бұйырды. 1990 жылы Италияда бұл команда күміс медальді иеленді. 1977-1994 жылдар аралығында Аргентина құрамасының намысын қорғаған ол 91 ойын өткізіп, 34 гол соқты. Кезінде түрлі клубтардың сапында өнер көрсеткен Диего Италияның «Наполиінің» бағын ашты. Бұрындары ортаң қол команда саналаған олар Марадонаның келуімен көптеген биік белстерді бағындырды. Аргентиналықтың мықтылығы соншалық, ХХ ғасырдың ең үздік футболшылары тізімінде ол аты аңызға айналған Пелемен қатар тұр.

Тарихтағы техникасы ең керемет футболшылардың тізімінде Диего Марадонанадан кейін сатыларға мына ойыншылар жайғасты: Роналдинью, Йохан Кройфф,  Зинедин Зидан, Лионель Месси, Джордж Бест, Тьерри Анри, Андрес Иньеста, Андреа Пирло және Хави