Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Түлкібас ауданында 17 мыңға жуық ағаш отырғызылды

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасыл  желекке  малынған, көкорай шалғынды, табиғаты тамаша таулы ауданның тұрғындары «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», деген дана сөзді бойтұмар етіп алғандай.  

Түлкібас ауданында 17 мыңға жуық ағаш отырғызылды

Олай дейтініміз, Түлкібас ауданында ағаш отырғызу жыл сайын атқарылатын дәстүрлі іске айналғалы қашан. Биыл да Н.Тұрашбеков басқаратын ауданда көктемгі көгалдандыру, оның ішінде тал көшеттерін отырғызу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Ауылдық округ, кент әкімдіктері тарапынан елді мекендер аумағын көгалдандыру мақсатында 41,1 гектар жерге 16 мың 800 түп талшын, шырша, үйеңкі, арша, боз арша, шаған және қара ағаш көшеттері отырғызылған. Бұл ағаштарды өсіруге ауданның климаты өте қолайлы. Сондықтан тез жерсінетін көшет түрлеріне басымдық беріліп отыр.

1

Түркістан облысы