12 Қыркүйек, 2013

Түркиядағы наразылық акциялары қайта жанданды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 09-Turkey protest

Кеше Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Измир, Анталья секілді көптеген қалаларында үкіметке қарсы наразылық акциялары қайта жанданды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Түркия астанасында полиция тікұшақтары аспанға қайта көтерілді. Олар көпшілік шоғырланған Дикмен даңғылы мен түнде полицияның шерушілер баррикадаларына қарсы шабуылдары өткен Мамак ауданын бақылап жүр. Бұл ауданда халық Феттулах Гюлен бастаған сунниттік қозғалыстың демеушілігімен мешіт және діни кешеннің салынуына наразылық білдіруде. Ереуілшілер құрылыс алаңы жанында баррикадалар құрып, оларды бекітуге кіріскен. Ал полиция әзірге шабуылға бастайтын бұйрықты күтуде.

Аса күрделі жағдай Измир мен Анталья қалаларында туындап отыр. Мұндағы шерушілерді тарату үшін күштік құрылымдар көз жасаурататын газ бен су атқыштарды қолданған. Алайда, ереуілшілер үкіметке қарсы бағытталған ұрандарын айтуды тоқтатпай, премьер-министр Тайип Эрдоганның қызметінен кетуін талап етуде.

Ыстамбұлда бірнеше мың адам Анкарадағы наразылық кезінде қаза тапқан 22 жасар Ахмет Атаканды еске алып, Кадыкей алаңына жиналды. Жас жігіт наразылық шеруі кезінде тұрғын үй шатырынан құлап түскен. Шоғырланған халық: «Полицейлер – жан алғыштар, бұл жерден жоғалыңдар», – деп ұрандатуда.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар