Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына сапармен келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Сапар барысында Қазақстан Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысуы, сондай-ақ, шет мемлекеттер көшбасшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланған.