БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының баяндамасында 2020 жылы пандемия салдарынан азық-түлік тапшылығы сезіліп, ашыққан адамдардың саны былтырғыға қарағанда екі есеге, яғни 130 миллионға артуы мүмкін екені көрсетілді. 2019 жылы аштыққа ұшырағандар 135 миллионды құраған.
Өткен жылы аштыққа тап болған адамдардың көбіқақтығыстарға (77 миллион адам), климаттың өзгеруіне (34 миллион адам) және экономикалық дағдарыстарға (24 миллион адам) ұшыраған елдерде тұрды. Аштықтан ең көп зардап шеккен он мемлекет – Венесуэла, Гаити, Конго Демократиялық Республикасы, Йемен, Сирия, Нигерия, Судан, Эфиопия және Оңтүстік Судан.