Игі бастама Алматы облысының Іле ауданында жалғасын тауып, мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік пакеттері үлестірілді.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көп балалы және мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп жатқан #bizbirgemiz қайырымдылық акциясы – әркімнің қайырымдылық іс жасай алатынының айқын мысалы. Ел үшін қиын кезеңдерде, жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық та маңызды», дейді «Барбанг» қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев.