Тағайындау • 21 Сәуір, 2020

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

1369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Марат Пашимов тағайындалды.

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бұған дейін, яғни 2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып келген Марат Пашимов еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кардиологиялық орталықта медаға болып бастаған. Медицина ғылымдарының кандидаты.2005 – 2015 жылдары аралығында облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-анестезиолог, реанимация бөлімінің меңгерушісі, телемедицина меңгерушісі, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және ТЖ жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған.

Сондай-ақ 2015 - 2017 жылдары №3 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет еткен 39 жастағы білікті маман соңғы жылдары клиникалық аурухана жұмысын жақсы жолға қойып, ізденімпаздығымен және жаңашылдығымен танылған болатын. Беделді басшы, білікті дәрігер, бүгінгідей жауапты сәтте өңірдің денсаулық саласын басқару мүмкіндігіне ие болған Марат Пашимовқа өңір халқы үлкен сенім артып отыр.

Ал Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасын осы күнге дейін басқарып келген Мұқан Егізбаев, жеке себептерге байланысты, өз еркімен қызметінен кетті.