Шамамен бес метрге дейін қуатты жалын аспанға күрт лаулағанда аймақтың сейсмикалық белсенділігі арта түскен. Ал жалыннан шыққан түтінді 30 шақырым қашықтықтан бақылауға болады. Жанартау Сицилия портының Катания қаласына жақын жерде орналасқан. Жергілікті билік жанартаудың оянуынан жергілікті тұрғындардың өмірі мен мүліктеріне қауіп жоқ екендігін айтады.
Сонымен қатар, коронавирустық пандемияға байланысты қызметі шектелген Катания халықаралық әуежайының жұмысына да кедергі жасамайды. Этна жанартауы 2700 жыл бойы белсенді. Оның ең қатты белсенді кезеңі 2018 және 2019 жылдарда тіркелген.