Қоғам • 22 Сәуір, 2020

Мұнай өңдеу зауыттары жұмысын тоқтатқан жоқ

930 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнай өңдеу зауыттары ең төменгі қуатпен жұмыс істеуге көшкен.

Мұнай өңдеу зауыттары жұмысын тоқтатқан жоқ

Қазақстанда мұнай өңдеумен төрт зауыт айналысады. Олар: Аты­рау мұнай өңдеу зауыты, Пав­лодар мұнай-химия зауыты, «Пет­ро­Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, сондай-ақ «CASPI BITUM» битум зауыты.

– 2020 жылғы сәуір айында мұнай өнімдерінің негізгі түр­леріне сұраныс айтарлықтай төмен­­деді. Атап айтқанда, авто­бен­­зин мен дизель отынына сұра­ныс 40%-ға, ал авиациялық отын­ға 70%-ға азайды. Бұл мұ­най өң­деу зауыттарына мұнай жет­­к­і­зу­шілерден келіп түсетін өті­­нім­­дер динамикасына жасалған талдау­дың нәтижесі бойынша раста­лып отыр, – деп хабарлады ұлт­тық ком­панияның баспасөз қызметі.

Қоймаларда мұнай өнімдерінің шамадан тыс жиналып қалуын болдырмау үшін Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ-дерінде өңдеу қарқыны көлемдері ең төмен деңгейге дейін азайтылып, зауыттар жұмысы үздіксіз жалғасуда.

Коронавирус пандемиясына байланысты наурыздың 15-нен бастап зауыттарда арнайы штабтар жұмыс істеуді бастағанын айта кетейік. Штабтар жұмысты Ұлттық компанияның орталық штабымен күн сайын үйлестіріп отырады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаздың» бас­­пасөз қызметі:

– Індеттің алдын алу бойынша арнайы шаралар қабылданды. Атап айтқанда, әкімшілік және өндірістік нысандарда сани­тар­­лық-дезинфекциялық және бақы­лау-өткізу тәртіптері күшей­тілді. Кәсіпорындарда әкімші­лік қыз­мет­керлердің 70%-ы қашық­тан жұмыс істеу режіміне көшті. Зауыт қызметкерлеріне құрылым­дық бөлімшелер арасында жүріп-тұруға шектеу қойылды. Қызмет­керлердің денсаулығын қадағалау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі, үй-жайлар мен ғимараттарда, көлік құралдарына және зауыттарға тиесілі аймақ­тарда тазалық жұмыстары үнемі атқарылып тұрады, – дейді.

«ҚазМұнайГаз» зауыттарды кемінде 2 айға жететіндей мөл­­­шерде сумен, азық-түлікпен, бірін­ші кезектегі аса қажет тауар­лар­мен, жеке қорғаныш құралда­ры­мен қамтамасыз етуде. Бар­лық жұ­мыс­шыларға жеке қор­ғаныш құрал­дары – медициналық маска, нит­рил қолғаптары, бак­те­рияға қарсы құралдар берілген.

 

Соңғы жаңалықтар