Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды

1067 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды

«Алматы қаласында коронавирустық инфекция кеңінен тарап, жағдай қиындаған соң Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысы лауазымына К.Т. Надыровты тағайындау жоспарланған еді.

Алайда, кеше кешкісін К.Т. Надыровқа коронавирустық инфекция жұқтырған деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты.

Әріптесім Камалжан Талғатұлының тез сауығып кетуіне тілектеспін және қолдау білдіремін!

Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Т.Ш. Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды», - деп жазды министр.