Елорда • 22 Сәуір, 2020

Жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады

1421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қала тұрғындары «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар» және «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламаларына қатыса алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеген және жұмыссыз мәртебесі бар азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды ұсынады. Бағдарламалар бойынша бос орындар тізімі орталықтың http://cz.astana.kz/category/upolnomochennye-po-jetike/ ресми сайтында қолжетімді.

Қоғамдық жұмыстар – қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын еңбек қызметінің түрлері. Ұзақтығы — 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Еңбекақысы 73 100 теңгені құрайды. Жұмысқа орналасу үшін 57-89-35, 8-775-654-07-90 телефон нөмірлеріне, [email protected] электронды поштасына хабарласу қажет. Жастар практикасы ТжКБ және жоғары оқу орындары түлектерінің мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуына арналған. Жұмыс іздеушінің жасы 29-дан аспауы тиіс. Практика ұзақтығы 6 айдан аспайды. Еңбекақысы 73 484 теңгені құрайды. Жұмысқа орналасу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 72-93-56, 8-775-654-07-90; электронды пошта: [email protected] . Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізде жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, жұмысқа орналастыру үшін құратын жұмыс орны. Жұмыс ұзақтығы – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Жалақыны жұмыс беруші белгілейді. Жұмысқа орналасу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 72-93-56, 8-775-654-07-90; электронды пошта: [email protected]. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тікелей байланысты болдырмау мақсатында елорданың жұмыспен қамту орталығының барлық қызметтері eGov порталы, call-орталық, электронды пошта және байланыс құрылғылары арқылы онлайн режимде көрсетіледі. Карантин кезеңінде азаматтарға онлайн-кеңес беру үшін call-орталық операторларының саны артты. Нөмірлер www.cz.astana.kz ресми сайтының «Онлайн-кеңес беру» бөлімінде қолжетімді», – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар