Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ресей Федерациясымен достық және әріптестікті нығайтуға, экономика мен ғылыми және мәдени байланыстарды ұлғайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовті Достық орденімен марапаттады.

Осы аптада Асқар Мырзахметов бастаған бір топ кәсіпкер Мәскеуге сапар шегіп барады. Бұл сапар Кеден одағына мүше елдермен аймақаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында жоспарланған. Оңтүстікқазақстандық делегация Мәскеу, Қазан және Екатеринбург қалаларында екі жақты бизнес құрылымының қатысуымен дөңгелек үстел, екіжақты кездесулер өткізіп, осы қалалардағы индустриялық нысандарды аралап, тәжірибе алмасады.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.