13 Қыркүйек, 2013

Ғылым саласындағы ынтымақтастық арта береді

510 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Ғылым қоры» акцио­нерлік қоғамында Қа­зақстан Республика­­сы­­ның Ресей Федерация­сын­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Ғ.Ораз­бақовпен «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы­ның міндетін атқарушы А.Байшекеевтің кездесуі өтті.

 

«Ғылым қоры» акцио­нерлік қоғамында Қа­зақстан Республика­­сы­­ның Ресей Федерация­сын­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Ғ.Ораз­бақовпен «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы­ның міндетін атқарушы А.Байшекеевтің кездесуі өтті.

фото1-1

Кездесуге Ғылым комитетінің төрағасы Н.Ыбы­райым, Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы комитетінің төрағасы М.Шәріпов және «Ғылым қорының» қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасында ғылым мен инновация саласындағы ынты­­­мақтастықты кеңейту мүмкін­­­­­­­­дік­тері, жоғары технологияны да­мыту және ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық мәсе­лелері, халықаралық ғылыми жо­баларды қаржыландыру және үйлес­тіру мүмкіндіктері, техноло­гияны өндіріске енгізу және басқа да ғылым мен техника саласындағы мәселелер қозғалып, талқыланды.

Ғ.Оразбақов бірқатар ғылыми бағыттар бойынша қазақстандық әріптестерінің қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ресейлік ғалымдардың үлкен қызығушылық білдіріп отырғанын атап көрсетті. Осыған байланысты елші Қазақстан және Ресей ғалымдарының арасында ғылыми бағыттағы ынтымақтастықты жан-жақты және белсенді дамытуға шақырды және де ғылым мен техника саласындағы мұндай ынтымақтастықтың Қазақстан үшін, сонымен бірге, отандық ғылымның дамуы және Елбасының отандық ғылымның алдына қойып отырған мақсаттарына қол жеткізу үшін болашағы және стратегиялық маңыздылығының жоғары екенін атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі екі елдің ғалымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуды жүзеге асыру үшін қажетті қолдау көрсететініне өз тарапынан сенім білдірді.

* * *

Таяуда Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің министрліктері және ведомство басшыларының екінші жиналысы өтті.

IMG 6721

Осы жиын шеңберінде «Ғылым қоры» АҚ Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігінің екінші хатшысы Ли Цинвэй, ҚХР Шыңжан Ұйғыр автономды ауданының ғылым және техника басқармасының басшысы Дун Пин, оның орынбасары Ху Кэлинь, ҚХР Ғылым және техника министрлігінің халықаралық ынтымақтастық бойынша департаментінің қызметкері Лю Юйхуэй қатысты.

Кездесу барысында «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алмасбек Байшекеев қордың даму барысының бағыт-бағдарын тілге тиек етті. Сонымен қатар, қытайлық делегация қор жобаларымен таныстырды.

Кездесуге қатысушылар ғылым және техника саласында ынтымақтастық орнату мәселелері, Қазақстан Республикасындағы және Қытай Халық Республикасындағы ғылым қорларының қызметтері және соның ішінде қаржыландырудың жолдарын нақты осы ғылыми ұйымдар арқылы табу мүмкіндіктерін талқыға салды. Соның ішінде перспективалы ғылыми жобаларды қаржыландыру тетіктерін жүзеге асырудағы ынтымақтастыққа қол жеткізу мәселелері, «Ғылым қоры» АҚ және ҚХР-ның ғылыми-зерттеу қорларымен келісімшарт жасау мүмкіндіктері жайлы, жоғарыда көрсетілген ұйымдарда тәжірибемен алмасу және ортақ жобаларды жүзеге асыру мақсатында мамандарды іссапарға жіберу мүмкіндіктері туралы мәселелер талқыланды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар