Қазақстанның инновациялық іс-әрекеті жаңа идеялар, ғылыми бiлiмдер, технологиялар және өнiмдердің түр-түрлері арқылы қоғамның өндiрiс және басқару салаларына енгізілуіне негiзделіп республиканың экономикалық дамуының ең маңызды факторларына жатады. Дәл осы себептен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық экономиканы жаңғыртуға шақырды. Жаңа индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасы ел экономикасының инновациялық бөлігін құру және дамыту жөніндегі жаңа міндеттерді алға тартты.
Қазақстанның инновациялық іс-әрекеті жаңа идеялар, ғылыми бiлiмдер, технологиялар және өнiмдердің түр-түрлері арқылы қоғамның өндiрiс және басқару салаларына енгізілуіне негiзделіп республиканың экономикалық дамуының ең маңызды факторларына жатады. Дәл осы себептен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық экономиканы жаңғыртуға шақырды. Жаңа индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасы ел экономикасының инновациялық бөлігін құру және дамыту жөніндегі жаңа міндеттерді алға тартты. Инновациялар бойынша бірыңғай оператор – Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) болды. Қазір ТДҰА инноваторларды қолдау құралдарының толық жиынтығына ие – идеяның өзінен өндірісті кеңейтуге дейін. 2010 жылы агенттік 344 өтінім қабылдады, олардың ішінде 37 өтінімге қолдау көрсетілді. Келесі жылда 679 жобаның 129-ына қолдау көрсетілді. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 8,8 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге, 2011 жылы мақұлданған инновациялық гранттар туралы 129 келісімшарт бойынша қаржыландыру кестелеріне сәйкес, грант алушыларға аударылған қаражаттың жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгені құрады, бұл – инновациялық гранттар туралы жасалған келісімшарттардың жалпы құнының 51%-ы. Бұған қоса, агенттік басқармасының шешімімен инновациялық гранттар туралы 17 келісімшарт бойынша келісімшарт міндеттемелері орындалған болып танылды және жобалар жабық болып есептеледі.
2012 жылы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданды. Заң қабылданған соң алғашқы өтінімдер 2012 жылдың қыркүйек айының соңында келіп түсті. Гранттардың 8 түрі бойынша келісімшарттар жасау 53 күнге созылады, ал өнеркәсіптік прототип жасау сатысындағы технологияны коммерцияландыруға грант келісімшарты 63 жұмыс күнге созылады, себебі сарапшылар кеңесі оларды қосымша кезеңде қарастырады. Инноваторлардың 2012 жылы келіп түскен өтінімдері мемлекеттік қолдауға 2013 жылы ие болды. Үстіміздегі жылы 100-ге жуық өтінім қабылданды, 17 жоба бойынша келісімшарттар жасалды. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қызметі инновациялық белсенділіктің негізгі көрсеткіштерінің өсуіне жағымды үрдіс құрды. 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда, инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 5,2%-дан 7,6%-ға өсті.