Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Түркістан: Балық аулаған браконьерлер ұсталды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңсыз балық аулағандардың аш болмағаны анық. Сатып пайда табуды  көздеген Шардара ауданының екі тұрғынын Созақ аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау учаскелік инспекторлары құрықтады. Заңсыз аулап, оны тасымалдаумен айналысқан күдіктілер «Мерседес-бенц» автокөлігіне тиеген 6 центнерге жуық балық тәркіленген.

Түркістан: Балық аулаған браконьерлер ұсталды

Аталған жайтты  полиция қызметкерлері «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» дерегі  бойынша тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Браконьерлік пен заңсыз балық аулаудың тағы бір дерегі  Ордабасы ауданында анықталды. Кешкілік рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Бөген көлінде балық аулаумен айналысқан браконьерді ұстады. Ол қайық пен электрлі құрал-жабдықтармен заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіден айғақ зат ретінде бір қап балық тәркіленді. Тәртіп бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Түркістан облысы