Қоғам • 22 Сәуір, 2020

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері ораза ұстайтын адамдарға кеңес берді

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері ораза ұстайтын адамдарға кеңес берді

«Туған-туыстарды шақырып та, үлкен топпен жиналмаған жөн. Намазды әркім тек өз үйінде оқуы тиіс. Ауыз ашар отбасы мүшелеріне ғана берілуі керек. Достарға, жақын адамдарға немесе мұқтаж жандарға азық-түлік жіберуге мүмкіндік немесе ниет болса, онда жеткізу қызметінің көмегіне жүгінген жөн немесе өзі апарып беруі керек. Азық-түлік ауа кірмейтін, герметикалық қаптамаларда болуы тиіс», - деді Жандарбек Бекшин.