Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының өнерпаздары 68-ші маусымын Өскеменде талантты сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың өмірден ерте озған Мұзтаудың мұзбалағы Оралхан Бөкейге арнап шығарған осы аттас әнімен ашты. Семейлік ақын Мұрат Тастағановтың сөзіне жазылған әнді өскемендіктер жылы қарсы алды.
«Ағажай Алтай», «Гүлдариға», басқа халық әндерін нақышына келтіріп орындаған әншілер Т.Сембаев, Г.Ноғайбаеваның өнеріне көпшілік разы болды. Филармония әртістері енді өңірдің басқа аудандары мен қалаларында концерт қоймақ.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.