Батыс өңірдегі іргелі оқу орындарының бірі – Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университет. Жақында аталмыш білім ордасының шаңырақ көтергеніне 50 жыл толды. Осы оқиғаға орай жүздеген маман даярлап, мыңдаған студенттерге білім беріп жатқан университетте үлкен басқосу болып, өткен мен бүгінгі күн әңгіме арқауына айналды. Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, оқытушылар мен студенттерді құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.

Қазіргі таңда білім ордасында 8 оқу-зертханалық ғимараты, асхана, 2 арнаулы спорт залы жұмыс істейді. Біз оқу орнының басшысы Қазыбай Бозымовпен тілдескенімізде, ол жетістіктерін саралай айтып, өзі басқаратын университеттің еліміз бойынша ең үздік 6 жоғары оқу орнының қатарында тұрғанын, таңдаулы студенттер Президенттің «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерде оқып жатқанын алға тартты. Сонымен қатар, рухани құндылықтарға да ерекше көңіл аударылатынын, жастарды Отан тарихын терең білуге, патриоттық рухта тәрбиелеуге ерекше назар аударылып отырылғанын жеткізді. Ол бүгінгі жетістікті алдағы уақытта еселей түсу үшін атқарылып жатқан істерге де кеңінен тоқталды. Әсіресе, университеттің ардагерлер мен бүгінгі жастар арасындағы байланысты үзбеу жөніндегі қадамдары кімге де болса үлгі болғандай.
Рафхат ХАЛЕЛОВ.
ОРАЛ.
––––––––––––––––
Суретті түсірген автор.