13 Қыркүйек, 2013

Көк жүзінде – жас қырандар

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен құрылымдары әскери оқу орнын бітірген түлектермен толықты. Қазақстанның, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери оқу орындарын бітірген 44 лейтенант Талдықорғандағы авиациялық базада жас офицерлердің оқу жиынына қатысты.

жас офицерлер

Жас офицерлер дене және атыс жат­тығулары бойынша дайындықтан өтіп, мемлекеттік-құқықтық білімдер негізі, Жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құ­пия­ларды қорғау бойынша лекциялар тыңдады. Жиында алған білім мен тәжірибе жас офицерлердің ертеңгі әс­кери қызметіне пайдасын тигізері сөзсіз.

Сондай-ақ, жаңадан келген әскери қызметшілер моральдық-психологиялық жағдайын анықтау мақсатында психологиялық тестілеуден өткізілді.

Жиынға Әскери әуе күштері қол­басшысының тәрбие және әлеу­меттік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Еркін Жұма­ғалиев басшылық жасады, ол жас лей­тенанттарға қызметтеріне табыс, өз мамандықтарының ерекшеліктерін толық меңгерулерін тіледі.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар