«Бүгінде Қазақстанда 250 мыңға жуық медқызметкер жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 72 мың дәрігерлер, 177 мың орта медқызметкерлер, 8755 эпидемиологтар, 2500 орта санитарлық дәрігерлер бар», деді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, елімізде коронавирус инфекциясымен күресте 16 мың медқызметкер жұмыс істеуде.
«Жергілікті жерлерде кадрлық резервтер жасақталған. Қазір медқызметкерлердің жетіспеушілігі жоқ. Десек те коронавирус инфекциясын анықтайтын эпидемиолог мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Қосымша 800 эпидемиолог дәрігерлер қажет етіледі», деді ол.