Алматы қаласының аумағында 21 сәуір аяқталғанша 693 оқиға тіркелген, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы індетке шалдығу көрсеткіші – 33,9. Өлім-жітім –5 жағдай (0,7%). 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы – 3,1% (21 оқиға).
Індетке душар болу ересектер арасында басым, оның ішінде жасы бойынша: 15-19 жас – 43 жағдай. (6,3%), 20-29 жас – 212 (31,3%), 30-39 жас – 129 (19,0%), 40-49 жас – 116 (17,1%), 50-59 жас – 115 (17,0%), 60 жас және жоғары – 42 (6,2%).
Контингент бойынша сырқаттанушылық: студенттер – 40, мектеп оқушылары – 15, басқа елдерден келгендер – 38, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары – 67, авиация қызметкерлері – 2, зейнеткерлер – 40, жұмыс істемейтін тұлғалар – 55, жұмыс істейтін тұлғалар – 42, медицина қызметкерлері – 383, оның ішінде ОҚКА – 263.
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері блок-постта тұрған Ішкі істер департаментінің 1 қызметкері КВИ жұқтырғанын атады.
Барлығы 12420 байланыста болған тұлғалар анықталды, оның ішінде 2247 жақын және 10000-нан астам әлеуетті байланыстағы тұлғалар.
14 күнге стационарлық карантинге індет жұқтырғандармен 1388 байланыста болғандар, үй карантиніне 7500 адам оқшауланған.
АЛМАТЫ