Қазақстан • 22 Сәуір, 2020

Арқаның даласына агротуризмді әкелген азамат

388 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Агротуризм - бүкіл әлемде жаңа қарқын алып келе жатқан бағыттардың бірі. Қазақстанда бұл саланың дамуы әлі де болса тиісті деңгейде емес. Десек те, алғашқы қадамдарды жасап, тұңғыш тәжірибелерді жүзеге асырып жатқан шаруалар да жоқ емес. Солардың бірі «Ауыл» партиясының мүшесі - Олжас Омаров.

Арқаның даласына агротуризмді әкелген азамат

Бірнеше жыл бұрын ол Қарағанды облысында TOKSUMAK агротуризм кешенін құрды. Шаруа қожалығы негізінде құрылған туристік кешенге екі жылдың ішінде Франция, Германия, АҚШ, Швейцария, Ресей, Сингапур, Канада, Түркия, Чехия, Малайзия, Польша, Венгрия, Австралия, Жаңа Зеландия, Голландия, Австрия, Мальта, Ұлыбритания, Бельгия, Латвиядан 200-ден астам шетелдік туристер келді.Олжас Омаров «Ауыл» партиясының «Еңбек озаттарының форумында» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Омаров Олжас Қаржасұлы Coca-Cola, Wimpex ЖШС, KСELL сияқты ірі халықаралық компанияларда ұзақ уақыт жұмыс істеді. Ол Қазақстандағы вендинг бизнесінің алғашқы бастаушыларының бірі. Сонымен қатар, нақты жарнама құралдарын алғашқылардың бірі болып қолданды. Олжас Қаржасұлы 2013 жылы өсімдік шаруашылығымен айналыса бастады. 2015 жылдан бері ол дайын көгал өсірумен айналысып, көшелер мен аулаларды абаттандыруда қолданылатын дайын шым көгалды орталық Қазақстан өңіріндегі ауылдар мен қалаларға саудалауда. Қазіргі уақытта ол отбасылық қосалқы шаруа қожалығын ұйымдастыру бойынша жаңа жобаны қолға алды. Бұл әлеуметтік сипаты бар жоба. Негізгі мақсаты-жақын маңдағы қала тұрғындарын ферманың таза органикалық өнімдерімен қамтамасыз ету.

2015 жылданбастап «CASHPER» компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылық туризмді дамытуда. Бүгінгітаңда ол негізін қалаған TOKSUMAK кешені Қазақстандағы ең ірі агротуризм орталығына айналып үлгерді. Мұндашет елдерден келген агротуристердемалып, ауылөмірімен, халқымыздыңсалт-дәстүрлеріментанысадыжәне TOKSUMAK орталығында ұйымдастырылған отбасылық ферманың шаруашылығында жұмыс істеп, шағын ферма ұйымдастыру бойынша өздерінің әр елде көрген тәжірибелерімен бөліседі. TOKSUMAK орталығында шетелдік туристер үшін Нұр Сұлтан және Қарағанды қалаларының тарихи және мәдени нысандарына қосымша турлар ұйымдастырылады.

Олжас Каржасұлы қазіргі уақытта агротуризмді этнотуризммен, экотуризм мен интеграциялау бойынша жаңа жобаны қолға алып, әзірлеуде. Сонымен қатар, ол ұлттық және кәсіби фестивальдер орталығын (Буффало трек-шоуынаұқсас), ауылдық жәрмеңкелер мен бард ән фестивалдерін құруды жоспарлап отыр. Бұл орталықты Қарағанды облысы Осакарова уданының Озерный ауылдық округінде іске қосу жоспарланған. Орталықтың осы аймақтанашылуы Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарынан қатынаудың ыңғайлылығына, сондай-ақ Қарағанды және Нұр-сұлтан сияқты екі үлкен қаланың арасында орналасуына байланысты. Бұл жоба шетелдіктер үшін үлкен қызығушылық тудырып, елімізде туристік кластердің дамуына серпін беретіні анық. Агротуризм дәл қазіргі кезде еліміз үшін аса актуалды сала болмағанымен, келешекте әлеуеті өте зор бағыттардың бірі. Елімізге келген әр агротурист халқымыздың салт дәстүрін, еліміздің рухани және мәдени байлықтарын әлемге таныту тұрғысынан өте маңызды.