Өрт салдарынан Болай тауындағы (Мохнатка) 1 гектар аумақты от шарпыған. Өрт сөндіруге 24 маман шұғыл жұмылдырылып, желдің соққанына қарамастан, тілсіз жау бір сағаттың ішінде ауыздықталды. Өрт сөндіру қызметіне Іле Алатауы паркінің 15 қызметкері, 5 техника тартылған.
Қаланың ТЖД бастығы С.Әубәкіровтың айтуынша, өрт болған аумаққа түнгі күзет қойылады. Сондай-ақ, ТЖД көктемгі мезгілде жер үй тұрғындарын өрттен абай болуға шақырады. Қураған шөп, жапырақтарды өртеген кезде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы қажет. Оның салдары тұрғын-жайларды, тіптен газ құбырларының, жанармай бекеттерінің өртенуіне соқтыруы әбден мүмкін. Кінәлілер әкімшілік, жағдайдың салдарына байланысты қылмыстық жауапкершілікке де тартылады.
АЛМАТЫ