Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлеріне қонақүй бөлінді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы шараларға қатысып жатқан полиция қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қонақүйде 100-ге жуық нөмір бөлінді. Олардың қатарында жедел басқару орталығының қызметкерлері де бар (102). Сұраныс туындаған жағдайда нөмір саны артады.

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлеріне қонақүй бөлінді

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жедел штабының шешіміне сәйкес коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері де қонақүйлерге орналастырылды. Дәрігерлер үшін Дипломат, Думан, Хилтон қонақүйлері есігін айқара ашты. СТЅ компаниясы дәрігерлерді көлікпен, тамақпен қамтыды.

Елорда әкімдігі қонақүйлердің құрылтайшыларына көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.