Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Алматылық полицей қала тұрғындарына өлең арнады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Короновирусты жұқтырып алу, карантин режімін бұзу, айыппұл төлеу, тіптен ауруханалардан науқастардың жанайғайын есту көптеген қала тұрғындары үшін қалыпты жағдайға айналғандай...

Алматылық полицей қала тұрғындарына өлең арнады

Қаладағы тәртіп сақшылары азаматтардың денсаулығына алаңдай отырып, күні мен түні жұмыс барысында жүр. Олар тұрғындарды ТЖ тәртібін бұзбауға шақырып әлек. Өкінішке қарай, елдегі ахуалға қарамастан, қауіпсіздік шараларын бұзып, құқықтық тәртіпке бағынбайтындар жеткілікті. Осы орайда Арнайы және мобильді оқыту басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Еркебұлан Корбозов қалалықтарға «Үйде отырып күтейік» өлеңін арнап, ТЖ тәртібін сақтауды осындай өлең жолдарымен жеткізді.

«Мен қолым боста шығарған өлеңнің көмегімен азаматтардың санасын оятқым келді: Жағдайдың қауіпті екенін түсінуге шақырдым. Өлең бір сағатқа жуық уақытта дүниеге келді. Бүгінде полиция қызметкерлері көзге көрінбейтін жау – коронавирус инфекциясына қарсы күресте алдыңғы қатарда. Біз қалада енгізілген карантинді елемеу және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамау қаншалықты қауіпті екенін тәжірибеден білеміз», - дейді полиция майоры.

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Е.Корбозов ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғашқы мамандығы – мұғалім. Полицияда қызмет еткенге дейін 5 жылдай жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген.

АЛМАТЫ