13 Қыркүйек, 2013

Ықпалдастыққа ынта

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев «Macquarie Russia & CIS Infrastructure Fund» қорының төрағасы Арон Рубин басқарған австралиялық бизнес-делегациясымен кездесті.

 

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев «Macquarie Russia & CIS Infrastructure Fund» қорының төрағасы Арон Рубин басқарған австралиялық бизнес-делегациясымен кездесті.

Тараптар Қазақстандағы ин­вестициялық ынтымақ­тастықтың мәселелерін тал­қылады. Macquarie ком­паниясының өкіл­дері энергетика, көлік (оның ішінде, авто, темір жолдары, порттар және әуежайлар), тұрғын үй-коммуналдық сектор және телекоммуникация салаларына инвестиция салуға қызығушылық білдірді.

Арон Рубин атап өткен­дей, Macquarie компаниясы әлем бойынша ең ірі инфрақұрылым инвесторы болып табылады, оның басқаруында жалпы капиталдануы 101 млрд. АҚШ дол­ларын құрайтын 46 қор бар. Macquarie Russia & CIS Fund қорларының бірі инфра­құ­ры­лымдық сек­тор­ға инвестициялар бойын­ша белсенді жұмысты бас­тады. Алғашқы инвестициялар Ресейде энергетикалық, көліктік және телекоммуникациялық сек­торларға жасалған еді.

Өз кезегінде Әсет Исекешев елі­мізде жүргізіліп жатқан жаңа ин­новациялық-индустриялық са­я­­сат туралы әңгімеледі, бұл сая­сат төңірегінде тікелей шетелдік инвестициялардың тартылуына орасан зор мән беріледі. Осыған орай, қазіргі кезде инвестицияларды тарту бойынша бірқатар ынталандырушы шараларды көздейтін ұлттық жоспар іске асырылуда.

Тараптар жақын арада қазақ­стандық ком­па­ниялардың жобаларын егжей-тегжейлі қарауға уағдаласты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар